Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Паркинсонға шалдыққандарға кеңес берді

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын Паркинсон ауруы­мен күрес күні аталып өтеді. Осы ретте «Ұлттық нейрохиругия орталығының» жоғары білікті неврологтары сәуір айының 10-11 күндері Паркинсон дертінің тырнағына ілінген және қимыл-қозғалыстарында кінәраты бар жандарға тегін кеңес берді.

Паркинсонға шалдыққандарға кеңес берді

Олардың қатарында Бақыткүл Тәукенқызы да бар. 2006 жылы алғашында  оң қолында байқалған діріл, бірте-бірте күшейіп, қимылы баяулай бастайды, ал арада өткен 4-5 жыл ішінде оған сол жағы да қосылып, дәрігерлер бақылауымен қанша Паркинсон ауруына қарсы препараттарды қолданғанымен оң нәтижеге қолы жетпей, соңында өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайға душар болады.

2014 жылы пациентке орталықта миға терең стимуляция жасайтын операция өтуінің нәтижесінде міне, бесінші жыл Бақыткүл Тәукенқызы қасынан тастамайтын жанторсығындай қалта телефонының көлеміндегі құрылғыны қолданып, ондағы бағдарламаларды алмастырып қолдану арқылы өз бетімен жүріп-тұратын жағдайға жетті. Енді Бақыткүл ханым орталықтағы тегін консультацияға келіп әрі құрылғының батареясын ауыстырып алмақ.

 Айта кеткен жөн, еліміз бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 20 мыңдай сырқатты құрайды.