Спорт • 17 Сәуір, 2019

«Сарыарқа» хоккей клубы ЖХЛ-дың финалдық кезеңін жеңіліспен бастады

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасының финалын жеңіліспен бастады деп жазады Olympic.kz.

«Сарыарқа» хоккей клубы ЖХЛ-дың финалдық кезеңін жеңіліспен бастады

Түменде өткен алғашқы ойында біздің команда «Рубинге» 2:3 есебімен жол берді. 

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Матч тағдырын шешкен шайбаны қарсыластар овертаймда соқты. 

Айта кетелік, финалдық кезең бір команда төрт рет жеңіске жеткенше жалғасады. Келесі ойынның да Түменде өтетін еске саламыз.