Хоккей • 17 Сәуір, 2019

Хоккейден әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден 1 дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді. Бүгінде біріншілік матчтарының билеттері сатылымға түсті деп жазады Olympic.kz.

Хоккейден әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті

Билеттер «Барыс-Арена» кассаларында сатылымға түсті. Бағасы 500 теңгеден басталады. 

Қосымша ақпараттарды +7 (7172) 61 35 19 телефон нөмірі арқылы алуға болады. Ал мұз айдын сарайының кассасы сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейтінін еске саламыз. 

Билеттер онлай сатылымда бар екенін де ескертеміз.