Қала тұрғындары тұрғылықты мекен-жайы және тіркелген емдеу мекемесіне қарамастан, Рысқұлов көшесі, 8 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жаңа емдеу-диагностикалық орталықта дәрігерлердің кеңесін ала алады.
«Қабылдауды терапевт, невропатолог, акушер-гинеколог, гинеколог-эндокринолог, уролог, уроандролог, ревматолог, отоларинголог, неонатолог, хирург, реабилитолог, окулист дәрігерлері жүргізеді», – делінген хабарламада.
Дәрігерлер тұрғындарды сағат 8:00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.