Саясат • 17 Сәуір, 2019

«Қазгеология» алтын қоры бар перспективалы учаскеде іздеу жұмыстарын жүргізуде

1215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгеология» алтын қоры бар перспективалы учаскеде іздеу жұмыстарын жүргізуде

«Қазгеология» АҚ дәстүрлі түрде Геолог күнінен кейін басталатын дала жұмыстарының маусымын ашты.

Биыл сәуір айында Қарғанды облысының Үш шоқы учаскесінде 2018 жылы басталған бұрғылау жұмыстары жалғастырылады.

Учаскеде топографиялық-маркшейдер жұмыстары орындалып, рекогносцировкалық әрі тексеру іздеу маршруттары жасалды, сондай-ақ ZTEM әдісі қолданылған аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізілді. Осының нәтижесінде тарихи материалдармен бірге геофизикалық деректерді егжей-тегжейлі зерттеу әрі оларға кешенді талдау жасау нәтижесінде кен мөлшерін бағалауға ұсыным берілген 7 перспективалы учаске белгіленді.

Жарсай және Қойыс учаскелері ерекше қызығушылық тудыруда.

Қойыс учаскесінде алтынның минералдануы қайталама кварциттердің кварц-серицитті және монокварцті құрамымен, олар кейінгі девон жасындағы вулканогенді қатпардың жоғарғы қабатында өрістеген қышқыл вулканиттермен байланысты.

Жарсай учаскесінде алтынның минералдануы Көк құдық төбесі кешенінің кейінгі девон дәуіріндегі монцодиоритті порфириттер анықталған және ұзақтығы 250 - 650м, қуаты  250м дейін кварцтелген аймақтармен байланысты.

Анықталған аномалияларды бағалау әрі контурларын жасау үшін 200-600 метрге дейін ұңғымалар бұрғыланатын болады.

2019 жылы жалпы көлемі 5000 қ.м 16 ұңғыма бұрғыланады. Қазіргі уақытта, 2 ұңғыманы бұрғылау аяқталуда.