Экономика • 17 Сәуір, 2019

Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

1143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Ауыл шаруашылығы  министрі  Сапархан Омаров Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Мохд Фархад Азимимен кездесті.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде  өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда АИР-ны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты.

Айта кету керек, ауған нарығы - қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі өткізу нарығы. Қазақстаннан Ауғанстанға бидай мен ұн экспорты,  2018/2019 маркетинг жылдары (1 шілдеден 30 маусымға дейін) үшін  320 мың тоннаны және 1 028 мың тоннаны құрады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі тұтынушылары - солтүстік ауған өңірлері, сондай-ақ астаналық аймақ және Кабул қаласы.

Сондай-ақ Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу мәселелері, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.