Саясат • 17 Сәуір, 2019

Сенат комитеті Қазақстан азаматтығын заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселелерін талқылады

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат комитеті Қазақстан азаматтығын заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселелерін талқылады

Парламент Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Кимнің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының азаматтығын заңнамалық тұрғыдан реттеу, оның ішінде кәмелетке толмағандар жөніндегі жекелеген мәселелерді талқылау бойынша отырыс болды.

Комитет отырысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, ішкі істер, сыртқы істер, әділет, білім мен ғылым министрліктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылығы мен өкілдері қатысты.

Азаматтыққа ие болу осы тұлғаға заңда белгіленген барлық құқықтар мен еркіндіктердің толық қамтылуының, мемлекет ішінде және одан тыс жерлерде тұлғаны қорғаудың алғышарты болып табылады.

Отырыс азаматтық және тұлғаларды құжаттау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамадағы қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау мен талқылау мақсатында өткен болатын.

Шараға қатысушылар азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың азаматтықты алуы және оны тоқтату, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғаларды құжаттау және оларды тіркеу мәселелерін қарады.

Комитет азаматтық мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнама бойынша құқық қолдану тәжірибесіне талдау жасау және мониторинг өткізу, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, осы заңнаманы жетілдіру мәселелерін пысықтау қажеттігі туралы қорытынды қабылдады.