Экономика • 17 Сәуір, 2019

«Шұбаркөл көмір» АҚ автопаркін жаңа CATERPILLAR 777E самосвалдары толықтырды

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шұбаркөл көмір» АҚ өнеркәсіп алаңында 90-тонналық жаңа САТ 777Е карьерлік самосвалдары жұмысқа кірісті. Шұбаркөл кеншілеріне инвестициялық бағдарлама шеңберінде сатып алынған техника 2019 жылдың өндірістік жоспарларын іске асыруға сеп болмақ.

«Шұбаркөл көмір» АҚ автопаркін жаңа CATERPILLAR 777E самосвалдары толықтырды

Жоспарға сәйкес, биыл сатып алынатын он бір жаңа американдық самосвалдың екеуі «Батыс» және «Орталық» разрездерінің технологиялық жолдарына шықты.

- Бұл машиналар сапасы жоғары әрі сенімділігімен ерекшеленеді. Еуразиялық Топтың басқа кәсіпорындарында пайдаланған жылдар аралығында CAT 777E Қазақстанның айрықша ауа райында және жалпы өзін тек қана жақсы жағынан көрсетті, - деді «Шұбаркөл көмір» АҚ тау-кен өндірісі басқармасының бастығы Болат Жакенов.

Caterpillar 777E самосвалдары арнайы көліктің техникалық күйін бақылауға мүмкіндік беретін, машинаның жұмысы мен өнімділігінің барлық параметрлерін көрсететін  компьютерлендірілген борттық жүйемен жабдықталған. Машиналар жақында сатып алынған HITACHI EX-1900 экскаваторларымен бірге көмір мен тау-кен массасын тасымалдауға жұмылдырылады. Бұл өндіру қабілетіне қарай сай техникалардың ара қатысында максималды сәйкестікті қамтамасыз етеді. 

2019 жылы сатып алынатын он бір самосвалдың алтауы тозған техниканың орнына келеді. Қалғандары автопарк санын көбейтіп, шұбаркөлдік кеншілерге 2019 жылда қойылған өндірістік мақсаттарға жетуге септеспек.  

2019 жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылған техникалық саясатты іске асыру үшін 11 дана CAT 777E самосвалдарын сатып алу көзделген. Бұл мақсаттарға жалпы сомасы шамамен 4,5 миллиард теңге инвестиция құйылмақ.