Аймақтар • 17 Сәуір, 2019

ҚФФ Бас хатшысы Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Футбол федерациясының (ҚФФ) Бас хатшысы Азамат Айтқожин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Шахтер» футбол клубының басшылығымен кездесті.

ҚФФ Бас хатшысы Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

А.Айтқожин Қарағандыдағы «Шахтер» және Теміртаудағы «Металлург» стадиондарында болып, инфрақұрылымның жалпы жағдайымен танысты. Еске салсақ, Қазақстан Футбол федерациясының алаңдарға рұқсат беру және сертификаттау жөніндегі комиссиясы  аталған екі спорттық нысанда Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы аясында қандай да болсын жарыс өткізуге тыйым салған болатын.

Қазір Қарағандының «Шахтері» премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының ойындарын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өткізіп жүр.

Қалыптасқан жағдаймен жан-жақты танысқан Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы «Шахтер» және «Металлург» стадиондарына жөндеу жұмыстарын жүргізудің нақты мерзімін белгіледі.