17 Сәуір, 2019

ШҚО тұрғыны Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Науқас сәуірдің 11-і күні сол қолының бас бармағына жара шығып, аудандық ауруханаға түскен.

ШҚО тұрғыны Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Катонқарағай ауданының Кіші Нарын ауылының 60 жастағы тұрғыны Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының берген мәліметтеріне сенсек, науқас сәуірдің 11-і күні сол қолының бас бармағына жара шығып, аудандық ауруханаға түскен. «Ол күнделікті өзінің малын бағып-қағумен айналысқандықтан, дәрігерлер ауруханаға түскен бойда оқшаулап, медициналық тексеруден өткізген. Сондай-ақ түрлі сынамалар алынып, аса қауіпті ауруларға сараптама жасалатын зертханаға жіберген. Науқастың отбасындағы тағы үш адамның денсаулығын да дәрігерлер жіті бақылауға алды. Нақты диагноз терең зертханалық сараптаманың талдамасы шыққан соң белгілі болады», - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Хамит Елубаев.

Шығыс Қазақстан облысы