Министр Жапония Елшісін Қазақстандағы толыққанды дипломатиялық қызметтің басталуымен құттықтады.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан - Жапон ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстардың қарқындылығы атап өтілді. 2015-2016 жылдары өткен елдеріміздің мемлекет басшыларының өзара сапарлары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қуатты серпін берген болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Жапонияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастарды «кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің» жаңа деңгейіне шығаруды растаған болатын.
Тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы 2018 жылы 2 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 1,503 млрд. долларын, ал Жапониядан импорт - 497 млн. долларын құрады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі өсу әлеуеті атап өтіліп, Қазақстанға жапондық озық технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.
Жапония Қазақстанның жетінші ірі шетелдік инвесторы болып табылады. ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2017 жылы Жапониядан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 357,3 млн., ал 2018 жылдың 9 айында - 304,1 млн. АҚШ долларын құрады. Шетелдік инвестициялардың айтарлықтай ағымын мұнай-газ және тау-кен өндіру саласы құрайды.