Заңды білген жаза баспайды
Сейсенбі, 31 шілде 2012 7:19
Қазірде заңсыз көші-қон мәселесі көкейкесті проблемалар қатарында қалып отыр. Темір жол, әуе көлігі арқылы Қазақстанға алыс-жақын шетелдерден келіп жатқан азаматтардың арасынан теріс пиғылдыларды анықтап, олардың ел тыныштығына нұқсан келтірер әрекеттерін болдырмау жұмыстарын Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері жүзеге асырады. Өткен жұма, күні департамент бастығы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Көші-қон полициясы басқармасы №15-ші Алматы – Петропавл және №306-шы Свердлов – Бішкек пойыздарында Астана – Көкшетау – Астана бағытында рейдтік шара ұйымдастырды.

Айта кетер жәйт, 2012 жылдың 7 маусымынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім заңдық күшіне енді. Аталған келісімде Қазақстан және Ресей азаматтарының тіркеу тәртібінің жеңілдетілген түрі қарастырылған. Олардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өткеннен бастап, екі мемлекет аумағында өкілетті органдарда міндетті тіркеусіз 30 тәулік бойы жүрулеріне болады.
Осы өткізілген шара халықаралық бағыттағы пойыздардағы жолаушыларға аталмыш заңнаманы түсіндіру, заңсыз, құжатсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтауға бағытталды. Оған Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мұрат Әйткенов, басқарма инспекторы, полиция аға лейтенанты Сапарғали Болысбеков, өзінің қызметтік иті Янамен Кинологиялық орталықтың кинолог маманы полиция сержанты Дидар Өтебеков қатысты.
Шара барысында полицейлер жолаушылар пойыздарында халықпен кездесіп, көші-қон заңнамасындағы өзгерістер мен Кеден одағы аймағындағы жеңілдіктер жайлы баяндап берді. Жолаушыларды толғандырған сан-салалы сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Садықовтың айтуынша, көші-қон полициясы басқармасы 2012 жылдың 1-жартыжылдығында заңнама талаптарының бұзылуын анықтауға және алдын алуға, КІІД қызмет көрсету аймағында көші-қон үдерістерін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған. Мәселен, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзу бойынша ӨАЕК 75 материал тіркелді, өткен жылы 69 еді. Осының ішінде 29 факті бойынша қылмыстық істер қозғалып, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1289 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шетел азаматтарына қатысты сотқа жолданған әкімшілік істер ағымдағы жылдың 6 айы ішінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көп. Оның саны 414 болған.
Даниел ШАЙЫНҒАЗИН,
КІІД баспасөз қызметі.