Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Халықтың мандатын алудың мәні зор

1031 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде президенттік институт көптеген елдердің саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып отыр. Президенттік билік, бұл – мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны. Президенттік республикаларда президент жанама (АҚШ) немесе тікелей (Қазақстан) сайлау арқылы сайланады және ауқымды нақты билікке ие.

Халықтың мандатын алудың мәні зор
Мемлекет басшысы өз мандатын халықтан алады және бұл – президенттік биліктің күші, Қазақстан Республикасы Президентінің жан-жақты ман­датының саяси және идеоло­гиялық негізі.

Қазақстандық қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттары президенттікке үміт­кердің сайлауалды бағдар­­­ламасына енгізіледі. Сон­дықтан президенттік пози­цияға нақты үміткер үшін электораттың басым бөлігінің түпкілікті дауыс беруі Қазақ­станның дамуындағы негізгі болашақ бағыттарының жобасын мақұлдауы болып саналады. Сайлаушылардың дауыста­рымен расталған олар тұтастай мемлекеттің және оның нақты құрылымдарының саяси күші болады. Қазақ­стан Республикасының Прези­денті өзінің сайлауалды тұғырна­масын жүзеге асыруы тиіс.

Қазақстанда еліміздің Тұң­­ғыш Президенті – Елба­сы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғасы арқасында прези­денттік биліктің күшті инс­ти­туты құрылды. Ел ішінде және шет мемлекеттерде үл­кен беделге ие Нұрсұлтан Назар­­баев әрқашан қазақ хал­қы­­ның өз саясатына деген қол­дауын алу үшін сайлауға түсіп отырды.

Елбасының жоғары үлгісі­нен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылы сәуір айында лауазы­м­ының мерзімі аяқта­луын күтпестен кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдемесі еліміздегі биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде халыққа деген жоғары құрметті білдіреді.
Бүгін біз мемлекет­тілігі­міздің белгілі бір сынақ кезеңіне жеткенін көріп отырмыз. Қазақ­станда алғаш рет биліктің тран­зиті өтуде, оны заңды, лайықты, тыныштықпен жүзеге асыруға тиіспіз. Еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықтың бұзылуына ешқандай да себеп болмауы керек. 

Бүгінде әлемдік экономика мен геосаясатта сын-қатерлер аз емес. Сондықтан халық кез келген ықтимал қауіп-қатер­лерге алаңдаушылық білдірмей қоймайды.

Тәуелсіздік жылдары ата-бабаларымыз армандаған көптеген мәселелер орындалды. Біз өз мемлекетімізді, экономикамызды дамыттық, тұтастай алғанда Қазақстан аумағында жаңа өмірді қалыптастырдық. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінің ішінде бір адамға шаққанда жалпы көлемдегі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болды. Біздің елімізге дүние­жүзілік беделге ие ірі компаниялар қызығушылық білдірді. Осы орайда біз үшін шетелдік бизнес пен инвесторлар еліміз­де сенімділік жағдайында жұ­мыс істей беруі маңызды.

Қазақстанға тек шетелдік инвесторлар мен бизнес қана емес, бүкіл әлемдік қоғам­­дас­тық Орталық Азия айма­ғын­­дағы көшбасшы ретінде, халық­ара­лық қатынас­тарды үйлес­тіру­дің бел­сенді жақ­тау­шы­сы ретінде қарайды. Сон­дық­тан мем­лекетара­­лық қаты­на­стар­дың кон­фигура­ция­сын­да Қазақстанның ұлттық сенім­нің берік мандатын алған Прези­дентпен танылуы өте маңызды.

Президенттік сайлауды өт­кізу туралы Жарлыққа қол қою арқылы Президент Қ.То­қаев алға нақты қадам жасады. Бұл бастаманы барша қазақ­стан­дықтар қолдауы қажет. Мемлекет басшысы Конс­­ти­ту­цияның кепілі ретінде сөй­леп, халықты осы жылдың 9 мау­­сымындағы президенттік сай­­лауда белсенді қатысуға шақырды.


Зарема ШӘУКЕНОВА,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры