Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Ақтөбе облысында «Ауыл ел-бесігі» жобасына 1,2 млрд теңге бөлінеді

1129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкім Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында «Ауыл ел-бесігі» жобасына 1,2 млрд теңге бөлінеді

Конференция жұмысына 180 делегат қатысты. Жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» жобаларының іске асырылу жайы  талқыланды.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов  жобалардың орындалуы бойынша баяндама жасады. 

Оның айтуынша, жоба аясында, көп балалы және тұрмысы төмен отбасына қосымша көмек көрсету тапсырмасына сай биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына 720 пәтер беріледі. Жалпы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыс басшылығының ерекше назарында тұр. Оны шешу үшін бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту жоспарланып отыр, соның есебінен жыл сайын кемінде 110 қосымша пәтер салынатын болады.  

«Ауыл ел-бесігі»  жобасына   облыста  1,2 млрд қаржы бөлінеді. Атап айтқанда, ауылдарда денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, көшелерді жөндеу және көгалдандыру басталады. «Құтты мекен» жобасы бойынша осы жылы 18 ауылдық елдімекенді газдандыру жұмыстары басталады.

Конференция соңында  «Нұр отан»  партиясының  кезектен тыс 19-шы  съезіне  делегаттар сайланды.

«Бұл үлкен сенім, әрі  жауапкершілік. Облысымызды  жеткілікті түрде  танытасыздар деген сенімдемін», - деді аймақ басшысы сайланған делегаттарға.