Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Көне Тараз тарихын тану тағылымы

2176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының талаптарына сәйкес, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі» атты журналистерге арналған баспасөз туры өтті. Аталған шарада Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері мен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына және Ерте Ислам мешітіне саяхат ұйымдастырылды.

Көне Тараз тарихын тану тағылымы

Екі мың жылдан астам көне Тараз шаһарының бай тарихы ұлттық қазына. Мұндағы әрбір тарихи нысанның өзіндік тарихы мен тағдыры бар. Ал келушілерді әрбір нысанмен ерекше таныстырған экскурсовод Жамал Ақпан аңызға айналған Қарахан кесенесінің 1906 жылға дейін өзінің сәулеттік келбетін жоғалтып келгенін де айтып өтті. Әрі Қарахан және Айша бибі аңызының сан түрлі нұсқаларын да әңгімеледі. Сонымен қатар, ортағасырлық тарихи жәдігерлерге жататын өрнекті шырағдандар, қыш құмыралар сияқты бірқатар дүниелер де таныстырылды. Бұдан кейін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев журналистерге ашық сұхбат берді. «Қазіргі таңда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қарауына ағымдағы жылдың межесінде 30 республикалық дәрежедегі тарихи-мәдени нысандар тіркелген. Оның ішінде 5 тарихи мұра ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне алынған. Олар Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек және Ақтөбе-Баласағұн қалашықтары. Қорық-музейдің негізгі қызметі – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, насихаттау, қайта жаңғырту болып табылады. Ендігі мақсат – тарихи нысандарымызды журналистердің көзімен жаңа форматта халыққа насихаттау» деді Нұрлан Бықыбаев.


Жамбыл облысы