Экономика • 18 Сәуір, 2019

Алматыда студенттерге арналған 100 тегін жатақхана орындары беріледі

2017 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жас кәсіпкер МЖС аясында студенттік жатақханаларды салуға және қайырымдылық акцияларын бастауға әзір.

Алматыда студенттерге арналған 100 тегін жатақхана орындары беріледі

Алматылық кәсіпкер Аян Көшербаев - «House of students» жатақханасының иесі. Ғимарат студенттердің жатақханасы ретінде салынған, алайда ол жердегі ыңғайлылық әлдеқайда жоғары деңгейде.  Мысалыға келтіретін болсақ, әрбір бөлмеде жуынатын бөлме мен санузел, киім мен аяқ киімдерді ыңғайластырып қоятын шкафтары бар бөлмелер қарастырылған. Сондай-ақ жатақхананың ішінде спорттық зал, тұратындарға арналған жеңіл бағамен мейрамхана, блогер-студенттер үшін кеңсе және турагенттік қызмет етеді.

«Студенттер жатақханасын салу идеясы Қазақстанға шетелдік студенттерді әкелумен айналысқаннан кейін ойға келді. Алматыға үндістер, қытайлар, пәкістандықтар келе бастағанда, оларды орналастыратын орын болған жоқ. Университет жатақханаларында орын жетіспеушілік мәселесі  бар. Сол сәттен бастап, біз жатақхана ашуды қолға алдық. Жобаны іске қостық, ол табысты нәтижесін берді. Қазіргі таңда бізде 450 студент тұрады, олардың жартысы шетелдіктер. Студенттердің басым көпшілігі медицина университеті, ҚазҰУ, КазАТИСО, UIB студенттері. Ең қызық айтарлық жағдай, біз өз қызметтерімізді аса жарнамалаған жоқпыз. Бірінші күні 10 адам қоныстанды, ал бір ай ішінде 150 адам қоныстандырдық. Студенттердің бір-біріне біздің хостел туралы айтып, жарнамалаулары әсер етті», - деп айтты Аян Көшербаев өз сөзінде.

Жатақхана Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан, бұл, әрине, оның сұранысына әсер етпей қоймайды. Бір адамға тұру құны айына 20 мың теңгені құрайды. Бұл ЖОО жатақханаларынан қымбаттау, бірақ пәтерді жалға алудың жанында арзан.

«Мен Қазақстанда медициналық білім алуды таңдадым, себебі ол ҚХР-да немесе Филиппинде білім алу сияқты жоғары бағаланады, бірақ бұл жақтын оқу бағасы әлдеқайда қолайлы. Мысалыға айтатын болсақ, Үндістанда медицина оқуы жылына кем дегенде 45 000 доллар тұрады, ал мұнда мен тек 7 000 доллар төлеймін. Бұл жақта 6 жыл оқуымды оқып, кейін отаныма қызмет етуге кетемін. Бізде дәрігерлер бәрінен жоғары табыс табатын қызметкерлер қатарында, олардың жалақысы қазақстандық өлшем бойынша 1 млн теңгені құрайды.  Біздің бөлмеде 3 қыз тұрамыз, олардың барлығы Индиядан келген. Бізге мұнда тұру өте ыңғайлы, сондай-ақ жатақханадағы мейрамханада үнді тағамдары да беріледі», - дейді Қашғардан келген 19 жасар Митхад Асофи.

Асылбек Жанұзақов – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің 1 курс студенті, Тараздан келген. Бос уақытында ол бейне ролик түсіріп, оларды өндейді, инстаграмда студенттік өмір туралы бейнеблогын жүргізеді. Мұндай белсенділікті байқаған жатақхана иесі Асылбекке тегін тұруға мүмкіндік берген.

 «Біз шығармашыл, белсенді жастарға қолдау көрсеткіміз келеді. Келесі оқу жылынан бастап студенттер үшін 100 тегін орын бөлуді жоспарлап отырмыз. Шартты түрде, біз оларды үш жеңілдікті топқа бөлетін боламыз: белсенді балалар, көп балалы отбасынан шыққан және тұрмысы төмен балалар үшін деп. Мысалыға, егер олардың ата-аналарында несиелер көп болса, студенттер шын мәнінде төлеуге қиналса, біз әрқашан оларға жеңілдіктер беруге тырысамыз. Мен тек жақсы оқитындарды ғана емес жалпы аламын, өзімде мектеп қабырғасында аса жоғары оқитындардың қатарында болмадым. Менде студент болғанмын және бала кезімнен өз мемлекетіме қандай да бір пайда әкелгім келді. Студенттердің жайлы жағдайда өмір сүргенің қалаймын, себебі  сапалы білім мен тың ойлар жақсы тұрмыстық жағдайдан келеді,  бұл біздің болашағымыз», - деп айтты Аян Көшербаев.

Жас кәсіпкердің мұндай жобалары Қазақстанның басқа аймақтарында да болатын болады. Семейде 1200 орындық студенттік жатақхана жұмыс істейді, 800 орындық тағы бір жатақхана Астанада іске қосылады. Сонымен қатар, Алматыдағы жатақхана 2700 орынға дейін кеңейтіледі, қазіргі таңда қосымша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Студенттік жатақханаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы білген Аян Көшербаев мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖС) бағдарламасына қатысуға шешім қабылдап отыр. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрлігі тұрғындарды жатақханамен қамтамасыз етеді және жыл сайын әр төсек-орын үшін 122 айлық есептік көрсеткіш төленеді, оның ішінде ғимаратты қайта жаңғыртуға 47 айлық есептік көрсеткіш төленетін болады. Төлем кезеңі 8 жылды құрайды. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 152 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қабылдайды.

«Бұл жоба шығынды болса да, мен оған қатысатын боламын. Өйткені менің жобаларым өте көп, ал бұл әлеуметтік жоба. Мен өзім жақында ғана ЖОО бітірдім, сондықтанда студентттердің жағдайын жақсы түсінемін. Осы орайда мен үшін патриотизм пайдадан әлдеқайда маңызды», - деп Аян Көшербаев ойлайды.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 5 наурызында «ҚР Президенті    Н.Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы» аясында студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша міндеттер қойған болатын. МЖС бағдарламасы асында  2022 жылға дейін студенттік жатақханаларға 75 мың жаңа орын енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жатақханаларға 91 000 қазақстандық студент мұқтаж, оның 30 000-ы Алматыда тұратындар.