Руханият • 18 Сәуір, 2019

БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған Қазақ әдебиеті жинақтары әлемнің 90-нан аса еліне таралады

724 реткөрсетілді

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының сүйінші даналары басылып шықты. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Ол тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді.

Алматыдағы «Достық үйінде» өткен поэзия және проза жинақтарының таныстырылымына осы жобаға қатысқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытай, Египет және Таяу Шығыс елдері аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары алғашқы антологияларға кірген авторлар қатысты.

ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева, қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аударып, тарату – ұлт тарихынды бұрын-соңды болмаған, қазақ мәдениетін әлемге таныстыру тұрғысынан теңдесі жоқ бастама екенін айтты. 160 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары бір мезетте әлемнің ең ірі 6 тіліне аударылып, сол тілдерде жұмыс істейтін ең беделді баспалардан шығып, 5 құрлықтағы 90-нан аса елдің жоғары оқу орындары, кітапханалары мен ғылыми орталықтарына жетеді. Жалпы саны 2 миллиард 600 миллион халық қазіргі қазақ әдебиетінің жауһарларымен танысуға мүмкіндік алады», – деді А.Балаева.

Жоба аясында аударма сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілді. 6 тілде жұмыс істейтін шетелдік аудармашылар мен баспагерлер Қазақстанға арнайы келіп, еліміздің тарихы мен мәдениетімен танысты. Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытай елдерінен келген аудармашылар мен әріптес баспа ұйымдарының өкілдері қазақ авторларымен жеке-жеке сұхбаттасып, аударма барысында туындаған сұрақтарды талқылады. Бұл аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақындатып, оның көркемдік сапасын қамтамасыз етуге зор үлес қосты.

Қазіргі қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асты. Танымал университет баспасы жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартты.

Қазақ әдебиеті үлгілерін испан тілінде сөйлетуге Испания мәдениет министрлігі қолдау көрсетіп, «Сервантес институтының» кеңесі бойынша кітаптарды басып, таратуға әдеби аудармаға маманданған «Visor» баспасы жауапты.

Антологиялардың француз тіліндегі нұсқасын дайындауға Париж қаласының мэриясы қамқорлық жасап, жинақтарды шығару «Мишель де Моль» атты беделді француз баспа үйіне тапсырылды. Орыс тіліндегі аударма мен әдеби редакция жұмысын үйлестіруге Ресей Жазушылар одағының мәскеулік ұйымы, ал жинақты басып шығару мен таратуға М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы атсалыспақ.

Қазақ әдебиеті жинақтарын қытай тіліне аудару, басып шығару және таратуға Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы» жауапты. Жинақтарды араб әлеміне Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығының қолдауымен Таяу Шығыс елдеріне танымал «MediaHub» баспасы таныстырады.

Жоғарыда аталған серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына жалпы саны 70-тен аса маман жұмылдырды.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асуда.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар