Саясат • 19 Сәуір, 2019

Азаматтардың өтінімдерінің көбісі баспана мәселесіне қатысты

863 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов әкімдікте, жұмыс күнінің екінші жартысында Nur Otan партиясының қалалық филиалында кезекті ретте азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтардың өтінімдерінің көбісі баспана мәселесіне қатысты

Қабылдауда болған 40 адамның 24-і тұрғын үй мәселесін шешуді сұрады. 

Шаһар басшысының орынбасары жеңілдікті баспана алу кезегінің құрылу тәртібі туралы, пәтерге мұқтаж жандардың мемлекет тарапынан қандай қолдауға ие бола алатындығы туралы айтып берді. Педагогтер, дәрігерлер мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне пәтер сатып алуға бастапқы жарнаны төлеу үшін сомасы 1 миллионды құрайтын тұрғын үй сертификаттарын ала алатындығы белгілі. Алайда оны алу үшін азаматтардың Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіндегі шотында кем дегенде өздері жинаған 1 миллион теңгесі болуы шарт. 

Көпбалалы отбасыларға Елбасының тапсырмасы бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесі 2% құрайтын жеңілдікті ипотекалық қарыздар ұсынылатын болады. Аталмыш шаралар ҚР Үкіметі «Жеңілдікті ипотеканы ұсыну ережерлерін» бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді. 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны З. Никитина өзінің тұрғын үй мәселесін шешуді өтінді. Оның 6 жасар баласы өте сирек кездесетін ихтиоз ауруына шалдыққан. Бала күніне бірнеше рет жуынуы қажет. Ал жеке үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Қала әкімінің орынбасары аудан әкімдігіне тиісті аумаққа су құбырын тарту, ал медициналық мекемелерге баланы қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. 

Н. Халиулина қабылдауға мерзімінен бұрын туған өз баласының өмірін аман сақтап қалғаны үшін қалалық №1 балалар ауруханасының бас дәрігері Лариса Павловецке алғысын білдіру ниетімен  жазылыпты. Баланың салмағы 730 граммды құраған болатын. Ауруханада жатқанда оның өкпесі 7 ай бойы жасанды түрде желдетілді. Қазір бала 2,4 жаста. Ол әлі де оңалтудан өтуде.    

Зейнеткер Ю. Будрикас өзіне шипажай емін ұсынуды сұрады. Қызмет Бурабай шипажайының аумағында орналасқан «Қарттар, мүгедектер мен мүгедек балаларды оңалту орталығы» ШЖҚ-да көрсетіледі. Ол айына 540 адамды қабылдай алады. Мұндағы қызмет түрлерімен 3 мыңнан астам зейнеткер қамтылады. Ал елордада тұратын зейнеткерлердің саны 80 мыңнан асады. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан 2019 жылғы шипажайлық емді қабылдауға sankur.astana.kz. сайты арқылы электронды форматта жазылуға болады. Бүгінгі таңда орындардың толымдылығы қалыптасқан. Осыған орай тек 2019 жылдың аяғына дейінгі резертік тізімдерге жазылу мүмкін болып отыр. Ол үшін электронды сандық қолтаңба қажет. 

К. Ташметова өзіне жұмысқа орналасуға көмектесуді өтінді. Нұр-Сұлтан әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығында оған іс жүргізушінің бос жұмыс орны бар екендігі айтылып, қалалық балалар ауруханасына және  №44 орта мектепке жодама берілді. 

Мұнымен қоса, елордада http:/www.enbek.kz/ru электронды еңбек биржасы жұмыс істейді. Порталда түйіндемені орналастырып, кез келген уақытта үйден шықпай-ақ нарықтағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты алуға болады.