Спорт • 19 Сәуір, 2019

Геннадий Головкиннің боксына билет сатылу басталды

1436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Геннадий Головкин өзінің Twitter парақшасында жазды.

Геннадий Головкиннің боксына билет сатылу басталды

«Барлық Big Drama Show жанкүйерлеріне, сіздер 8 маусымда TheGarden-да өтетін менің бокс кешіме арналған билеттерді ала аласыздар», деп жазды ол.

 Айта кетейік, Геннадий Головкин 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл - Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы.


Соңғы жаңалықтар