Руханият • 19 Сәуір, 2019

Балғынбек Имаштың ең айшықты айтыстары кітап болып шығады

1305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Балғынбек Имаштың ең айшықты айтыстары кітап болып шығады

Мамыр айында айтыскер ақынның 35 айтысы 450 беттік кітап болып шықпақ.

"35 айтысым жинақталып, 450 беттік үлкен кітап даярлануда. Алматыда өтетін жеке ән кешіме дейін жарық көреді деп жоспарлап отырмыз. Айтыста жүрген 30 жылға жуық уақытымда 500 рет айтыссам, соның ішіндегі 35 айтысымды ғана таңдап, халыққа арнап кейінгі ұрпақ айтысты зерттесе, ақындардың айтысын оқығылары келсе тауып алсын деген ниетпен кітап шығарып жатырмыз", деді айтыскер ақын Балғынбек Имаш.

Сонымен қатар, өзге де ақындардың айтыс өнерінде кітап болып қалып жатқан мұралары туралы айтып өтті.

«Айнұр да, Сара да, Жандарбек те өздерінің жеке кітаптарын шығарып жатыр. Жүрсін ағамыз айтыстың осыған дейін 3 томдығын, Мырзатай Жолдасбеков қолдауымен шығарған болатын. Кейін Қорқыт ата университетінің қолдауымен айтыстың 7 томдығы шықты. Бірақ қай жерде қандай үлкен республикалық айтыс болса, әр айтыс жеке бір кітап болуыға лайықты. Бірақ оның бәрін кітап қылып шығара бермейміз ғой», деді Балғынбек Имаш.

Сонымен қатар, былтыр Тәуелсіздіктің тойына тарту ретінде айтыстағы 25 ақынның ең айшықты шумақтарын кітап болып шықты.

Айта кетсек, 1-мамыр күні AlmatyArena мұз айдынында айтыскер ақын Балғынбек Имаштың өнер жолындағы жиырма бес жылдығына арналған мерекелік концерті өтеді.