Қоғам • 19 Сәуір, 2019

Демалыс күндері Елордада қар жауып, көктайғақ болады

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең қалада қар жауып, жел күшейіп, ауа температурасы-3-5 С құрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері Елордада қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктердің хабарлауынша ертең, 20 сәуірде қалада көшпелі бұлт жүреді, түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3 -5, күндіз +1+3°С. 

21 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +6+8 С шамасында.

22 сәуірде де күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.  Сынап бағанасы түнде -1-3, күндіз +7+9 С көрсетеді.