19 Сәуір, 2019

Армиялық спортшы Vortex Sport Battle турнирінде жеңімпаз атанды

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армиялық спортшы Vortex Sport Battle турнирінде жеңімпаз атанды

Санкт-Петерборда Vortex Sport Battle бүкілресейлік кәсіпқой турнир өтті. Онда АОСК-ның спортшысы Сергей Цырульников жеңімпаз атанды.  Спорт түрлерінде мықты атлетшілер, чемпиондар мен рекордшылар, сондай-ақ танымал спорттық бейнеблогерлер  әмбебап аренада күш пен төзімділік тұрғысынан бір-бірімен бақ сынасты. Турнирдің 7-ші маусымы аясында армиялық спортшы Ресейдің ең мықты адамы ярославльдік батыр, Ресей Федеарциясының төрт күштік рекордының иегері Михаил Савинмен сайысқа түсті. 

«Vortex Sport халықаралық жобасы спорттың күштік түрлерін танымал ету, жаппай және жеке спорттық сайыстарды өткізу,  жоғары сападағы видео шығару, спорттық өнімдердің желісін дайындау үшін құрылған», - деді АОСК-ның спортшысы. 

Естеріңізге сала кетсек, Сергей Цырульников әлемнің, Гиннес рекордтар кітабының 4 дүркін рекордшысы және Қазақстанның 5 дүркін рекордшысы, волейбол мен пауэрлифтингтен спорт шебері, гір спортынан спорт шеберлігіне кандидат, бірқатар қауіпті, күрделі трюктар (төрт жылқыны ұстап тұрып, 148 тонналы вагоны бар тепловозды бірнеше метрге сүйреген) және өзге де көзтартар нөмірлердің орындаушысы. Ақмола облысы, Шортанды ауданының тумасы, Қажымұқан мен Балуан Шолақ атты қазақ балуандарының дәстүрін жалғастырушы.