Руханият • 20 Сәуір, 2019

Елордада WorldSkills – 2019 аймақтық чемпионаты өтеді

1002 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2014 жылы Қазақстан мақсаты дүниежүзі бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының деңгейін көтеру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын дүниежүзілік WorldSkills International - халықаралық қозғалысына мүше болып кірді.

Елордада WorldSkills – 2019 аймақтық чемпионаты өтеді

1953 жылы құрылған WorldSkills қызметіне бүгінгі таңда 77 ел қатысады.

22 - 26 сәуір аралығында елордада WorldSkills – 2019 аймақтық чемпионаты  басталады.
WorldSkills чемпионаты колледж студенттері мен кәсіпорындардың 18-22 жас аралығындағы жас мамандары арасында түрлі құзыреттіліктер бойынша өтеді. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша жарыстар 23 - 25 сәуір аралығында Нұр-Султан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК базасында өткізіледі. Осы құзыреттілік бойынша  елордалық медициналық колледждерінің 5 студенті сайысқа түседі.
Байқау қорытындылары мен қалалық чемпионаттың жеңімпаздарының есімдері 26 сәуірде анықталады. Жеңімпаздар WorldSkills Kazakhstan -2019 ұлттық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.