Модератор Қазақстан Республикасы Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағының төрағасы Айман Мусахаджаева болды.
«Біз тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі тарихының маңызды оқиғаларының куәгері болдық. Соңғы айдың ең маңызды ішкі саяси оқиғалары Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнында бекітілген және мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін демократиялық рәсімдерге байланысты… Біздің мемлекетіміздің музыкалық қайраткерлерінің бүкіл ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауын өткізудің барлық маңыздылығын түсінеді, өзінің азаматтық борышы мен жауапкершілігін, осы маңызды саяси оқиғаны жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттігін түсінеді деп сенемін. 9 маусымда біз өзіміздің саяси жетілуімізді көрсетіп, сайлау учаскелеріне келіп, өзіміздің демократиялық таңдауымызды жасап, еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек» - деп, Айман Мусахаджаева өз сөзінде атап өтті.
Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері мен Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағының мүшелері қатысты.