Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 60 өрт оқиғасы тіркелген

1044 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өрт оқиғаларының басым бөлігі жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбағандықтан орын алады» дейді мамандар.

Маңғыстауда жыл басынан бері 60 өрт оқиғасы тіркелген

- 2019 жылы облыста 60 өрт  оқиғасы тіркелді. Тексере келе, оқиғаның басым бөліктері тұрғын үй массивтерінде орын алатындығына көз жеткіздік. Яғни, жылу маусымы аяқталғаннан кейін тұрғындар неше түрлі электр пештерін пайдаланады. Және де оның үстіне киімдер іліп, өрт оқиғасының шығуына себепші болады. Сондықтан, тұрғындарға қосымша жылыту құрылғыларын пайдаланғанда абай болуды ескертеміз. Бүгінгі таңда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргілуде. Сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн, дейді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі М.Мұханов.