20 Қыркүйек, 2012

Баяндамада байсалды байлам бар

302 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Баяндамада байсалды байлам бар

Бейсенбі, 20 қыркүйек 2012 7:47

Ата Заңымызда біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы тайға таңба басылғандай жазылған. Міне, осы ұлы қағидалардың өміршеңдігін дәлелдеудің бір шарасы ретінде кеше Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «2011 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасының тұсаукесері өтті.

 

Бейсенбі, 20 қыркүйек 2012 7:47

Ата Заңымызда біздің еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы тайға таңба басылғандай жазылған. Міне, осы ұлы қағидалардың өміршеңдігін дәлелдеудің бір шарасы ретінде кеше Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «2011 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасының тұсаукесері өтті.

Мұнда ең басты құндылық – адам өмірі мен оның құқықтары мемлекет тарапынан қалай, қандай деңгейде қорғалып жатқандығы әр сала бойынша барынша нақты та­разыға салынады. Айта кетер жәйт, бұл баяндама Елбасының, халық­аралық және ұлттық сарап­шы­лар­дың оң бағасын алған соң Қа­зақ­стандағы Ұлыбритания ел­шілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымының Аста­надағы Орталығының техни­калық қолдау көрсетуімен шы­ға­рылды.

Аталған тұсаукесерге орталық мемлекеттік органдардың басшылары, биліктің заң шығару, ат­қа­ру­шы және сот тармақтарының, құ­қық қорғау және құқық қолдану органдарының өкілдері, құқық­та­нушы-ғалымдар, елімізде аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің жетекшілері, адвокатура, нотариат, білім және ғылым, денсаулық сақ­тау, мәдениет, бизнес және т.б. ме­кем­елердің өкілдері қатысты.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сия­ның «2011 жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы адам құқықтары­ның ахуалы туралы» баяндама­сы­ның тұсаукесеріне жиналғандарға Президент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орынбасары Бағлан Майлыбаев, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Ұлыбри­та­ния­ның Қазақстандағы елшілігінің се­нім білдірілген өкілі Джон Терлоу және т.б. құттықтау сөз арнады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнде­рі­нен бастап адам құқығы мәсе­лесі елдің ең басты бағыттарының біріне айналды, деп бастады өзінің құттықтау сөзін Президент Әкім­шілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев. Осыдан тура он жыл бұрын Президенттің бас­тамасымен Омбудсмен институты құрылған еді. Содан бері еліміздің Омбудсмені 1200-ден астам аза­мат­тардың құқықтарын қалпына келтіруге нақты көмек көрсетті. Белді халықаралық ұйым­дармен ынтымақтастық орнатылды. Сонымен қатар, деді одан әрі шешен, Елбасы жанындағы Адам құ­қық­тары жөніндегі комиссия ұлттық жүйенің ең басты бөлік­терінің біріне айналды. Тек өткен жылдың өзінде ғана комиссияның тікелей қатысуымен 200-ден астам Қазақ­стан азаматтарының құқық­тары қалпына келтірілді. Бұл елі­міздің демократия мен адам құ­қы­ғын үз­діксіз нығайтудың барысын көр­сетеді.

Адам құқықтарын қорғау саласына Мемлекет басшысы әрқа­шан­да баса назар аударып отырады. Мұ­ның нақты көрінісіндей халық­аралық адам құқықтары сала­сын­дағы бірқатар маңызды құжаттар ратификацияланды. БҰҰ алдын­да­ғы міндеттемелер сатылап орындалуда. Одан әрі Б.Май­­лы­баев Адам құқықтары жөнін­дегі ко­миссияның «2011 жылы Қа­зақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасы Мемлекет басшы­сы­ның, оған қоса, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң баға­сын алғандығын, сөйтіп, ұсы­ныс­тарды жүзеге асыру үшін Үкі­мет­ке жолданғанын жеткізді.

Жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналған адам құқығына қатысты осы маңызды оқиғаға еліміздің үкіметтік емес ұйымдары мен мем­лекеттік органдардың, халық­ара­лық ұйымдардың тікелей қаты­насы бар. Адам құқығы Қазақ­стан­ның басты бағыты, жоғары құндылығы, деді Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов. Ол қазақ хал­қы ежелден халықтық демократияны ұстанғанын, адамның бос­тан­дықтары мен құқықтарын жоғары құрметтеп және бұл тетіктерді ел басқарудағы үрдістерде ішкі және сыртқы саясатта айрықша ұс­там­дылықпен қолданғандығын айтты. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасы адам құ­қықтары мен бостандықтарын құр­меттеуге, сақтау мен қорғауға мін­деттеме алып, БҰҰ адам құ­қық­тарына қатынасты негізгі ха­лық­аралық келісімдерді ратификациялады. Қазіргі кезде Қазақ­станда Адам құқықтарын сақтау және қорғаудың ұлттық жүйесі қалыптасты. Осы жүйенің маңыз­ды құрамдас бөлігі болып табылатын Елбасы жанындағы Адам құ­қықтары жөніндегі қоғамдық комиссия еліміздегі адам құ­қық­та­рын қорғаудың ұлттық және ха­лықаралық тетіктерін жетілдіре түсуде өз үлесін қосып келеді.

Тұсаукесерге жиналғандарға арнаған құттықтау сөзінде Сырт­қы істер министрі Ержан Қазы­ха­нов дәстүрге айналған осы маң­ызды оқиғаға мемлекеттік орган­дардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкіл­де­рінің қатысуы үлкен мәртебе, деді. Одан әрі министр осы құжаттың негізгі дайындаушысы болып табылатын Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сия­ның еңбегін жоғары баға­лай­ты­нын айтты. Сондай-ақ, аталған баяндаманың аудармасына және жариялануына қолдау көрсеткен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мы­ның Астанадағы Орталығының ерек­ше үлес қосқанын атап өтті.

Ұсынылып отырған баяндама есепті кезеңдегі Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты ахуалды талдауға арналған. Онда Қа­зақстанда Ислам Ынты­мақтас­ты­ғы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық ету жылындағы адам құқық­тары­ның ахуалына жалпы баға беріліп, адам құқықтарын қорғаудың түй­інді проблемалары мен оны шешу жолдары айқындалған. Баяндама адам құ­қық­тары жөніндегі ко­мис­сия­ның өзінің құқық қорғау қыз­метінің нә­ти­желеріне және оның өткен уа­қыт кезеңіндегі арнайы зерт­теу­ле­ріне негізделген. Онда Қазақстан Республикасының мем­лекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйым­дарының, халықаралық ұйым­дар­дың мәліметтері кеңінен тар­тыл­ған. Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 мамырдағы қарарымен мақұл­дан­ған. Онда адам құқық­тары жө­нін­дегі ұлттық заңнаманы салыстырмалы талдау, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қызметіне баға беру, адам құқықтары сала­сын­да­ғы ахуал жө­ніндегі қоры­тын­ды­лар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комис­сияның құқықтық саясатты, ұлт­тық заңнаманы және құқық қол­да­ну практикасын Қа­зақстан рати­фи­кациялаған адам құқықтары са­ла­сындағы халық­ара­лық пактілер мен конвен­ция­лардың талаптарына сәйкес одан әрі жетілдіру жө­нін­дегі ұсы­ным­дары енгізілген. Ко­миссия баян­да­ма­сының іс-ша­ра­лары Адам құ­қық­тары сала­сын­дағы Ұлттық іс-қимыл жоспа­ры­ның, Құқықтық сая­сат тұжырым­да­масының, сон­дай-ақ Қазақстан­ның адам құ­қық­тары саласындағы халықаралық міндеттемелері мәлі­меттерінің не­гізінде таңдалған бір­неше басым бағыттар бойынша нақты нә­ти­же­лерге қол жеткізуге бағытталған.

Бұдан кейін де сөз алғандар Қа­зақстан мемлекетінің адамды және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы деп тануы мемлекеттің адамға үнемі қамқорлық көрсетіп, адам жақсы өмір сүруі үшін оған қажетті барлық жағдайды жасайтынын, оның денсаулығын қорғау үшін қажетті шаралар қабыл­дай­тынын және мемлекет адамның өмірін қол сұғушылықтан қор­ғай­тынын білдіретіндігін атап өтті. Сөз сөйлеген сарапшылар сондай-ақ Елбасы жанындағы Адам құ­қықтары жөніндегі комиссияның баяндамасына жоғары баға беріп, оның ұсынымдарын Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Пар­ламенті іс жүзінде іске асыра бастағанын жеткізді.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».