Экология • 24 Маусым, 2025

Атыраудағы қамыс өрті 11 күннен кейін сөндірілді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау облысы, «Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті бүгін, 24 маусымда сағат 14:00 шамасында толық сөндірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы қамыс өрті 11 күннен кейін сөндірілді

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт 13 маусымда тұтанған еді. Жалын шамамен 1510 гектар аумақты шарпыған.

«Өрт тұтанған 13 маусымнан бері «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 екі тікұшағымен 396 тонна су төгілді. Тракторлармен минералды жолақ жыртылды. Жалынның қайта тұтанбауы тұрақты бақылауға алынды. Осы мақсатта төтенше жағдайлар департаментінің, полиция және резерват қызметкерлерінің кезекшілігі әлі де жалғасады. Кезекшілік тәулік бойы атқарылады», деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Қамыс өртін сөндіруге 200-ге жуық адам мен 40 техника тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше