14 Сәуір, 2012

Күйеуге шыққан қыз

642 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күйеуге шыққан қыз

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:05

Ол қызықтан құр қала ма?

«Менің қызым анау-мынау емес, Еуропада білім алды…» деп, купеде күпініп отырған кекселеу әйелге:

– Қызыңыздың жасы нешеде? – деп, төтеден сауал тастадым.

 

Күйеуге шыққан қыз

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:05

Ол қызықтан құр қала ма?

«Менің қызым анау-мынау емес, Еуропада білім алды…» деп, купеде күпініп отырған кекселеу әйелге:

– Қызыңыздың жасы нешеде? – деп, төтеден сауал тастадым.

– Жиырма бесте.

– Тұрмысқа шықты ма?

– Жоға…

– Неге?

– Ойбай-ау, күйеу қайда қа­ша­ды, сонша асығатын не бар, қы­­­зым жас, әлі де өмірдің қы­зы­ғын көрсін… ойын-той­ға барсын, армансыз күліп-ойнасын…

Сәл ойланып отырдым да: «Өмір­­дің қызығы деген не? Ойнап-күлсін дейсіз, сонда ол қандай қызық?» деп әдейілеп сұрақ қойдым.

Кексе әйел сәл тосылың­қы­рап барып: «Өмір­дің қызығы деген… енді әртүрлі нәр­се­лер ғой… Жер көріп, ойнап-күліп, машина мі­ніп, жұмыс істеп, сәнді киім киіп, дегендей…» деп сөзінің аяғын жұтып қойды.

Мен:

– Қызыңыз сонда күйеуге тимей қандай қызық көру керек? Күйеуге тиген қыз күліп-ойнай алмай ма, әлде сәнді киім кие алмай ма, машина міне алмай ма? Әлде күйеуге тидің деп астын­да­ғы машинасын ГАИ тартып ала ма? Тұрмысқа шыққан қыз қан­дай «қызықтан» құр қалуы мүм­кін? – деп бастырмалата жөнел­дім.

Байқаймын, менің сөздерім көр­­­шім­нің жүрегіне кілкіген май­­дай тиіп отыр. Жақтырмай қал­ды. Ұйқысынан оянған айдаһар сияқты маған ызбар ша­ша қа­рады. Жүзіне қарасам, ала жаз­дай сары шіркей ұялаған сары су­дың түсіндей сазарып алған…

– Елден аттап шықпаған сендер не біле­сіңдер, қызықтың бәрі шетелде ғой. Ештеңеден құр қалмайды. Күйеу де сол жақтан табылады.

Осыны айтты да кексе әйел купеден шығып кетті. Мен жау­таңдап, көрші отырған сарыкідір көкеме қарадым. Көкем мыңқ ет­­­пей­ді. Әлден кейін ыңыранып: «Менің де қызым шетелде оқи­­ды, күйеу балам да сол жақ­тан…» деді. Мен тыныш отырмай: «Қа­­­­зақ шығар?», дедім. Кө­кем ал­­­дындағы семіз қазыдан бір кертіп асап алды да, маған ажырайып қарады. «Жоқ» деді, «қа­зақ емес».

Ал, айтарға сөз тапшы! Пойыздан түсіп қалмасың анық. Әрі қарап аунап түсіп, көкі­ре­гіңді ұлытасың-ау бір.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ.

АСТАНА.