Саясат • 21 Сәуір, 2019

Бақыт Сұлтанов Қазақстан Православ Шіркеуінің басшысымен кездесті

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Астана және Қазақстан митрополиті Александр алдымыздағы православ христиандарының мерекелерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақыт Сұлтанов Қазақстан Православ Шіркеуінің басшысымен кездесті

Кездесуге, сондай-ақ, астаналық шіркеу округінің өкілі Архимандрид Сергий қатысты. Бақыт Сұлтанов митрополитті және барша праволав христиандарын Пасха алдындағы жексенбі мерекесімен және келе жатқан Пасхамен құттықтады. Әкім қала тұрғындарының рухани өміріндегі Православ шіркеуінің маңызды рөлін, оның бейбітшілік пен тыныштықты нығайтудағы үлесін атап өтті.   

Ол мерекелерді ұйымдастыру және өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан қауіпсіздіктің қамтамасыз етілетіндігін алға тартты. Қазақстан митрополит округінің басшысы өз кезегінде Мәскеу және бүкіл Ресейдің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен 12 мамырда Қазақстанға Ресейден Аса қасиетті Құдай ананың бейнесі бар ғажайып Феодоров иконасының жеткізілетінін мәлімдеді. Бұл – Құдай ананың бейнесі бар ең көне иконалардың бірі. Оның тұрақты орны – Қострома қаласындағы Богоявленск-Анастасия кафедралы соборы. 

Сонымен қатар, кездесуде елордадағы төртінші православ шіркеуі құрылысының барысы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша митрополит Александр ризашылығын білдіріп, Бақыт Сұлтановқа конфессияаралық қарым-қатынасты қолдағаны және нығайтқаны үшін алғыс хатты табыстады.