25 Сәуір, 2012

Қазақ қыздары – жеңімпаз

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ қыздары – жеңімпаз

Сәрсенбі, 25 сәуір 2012 6:27

Қытайдың Алтай аймағының Бу­рыл­­тоғай ауданы Жетіарал ауылдық окру­гіндегі интернатта (Қытайдағы қандас­тарымыз оны жатақ мектебі дейді) оқи­тын қазақ қыздары Бейжіңде өткен футбол жарысында бас жүлдені жеңіп алды.

Қытайдың өлке, автономиялы район және қа­­лаларынан жиырма команда қатысқан 2012 SKF «Дүние жүзімен жүздесу» үміт инженериясы жасөспірімдер футбол жарысында қазақ қызда­ры­мен бірге ұлдар арасында Шыңжаңның автономиялы ауданының Құлжа командасы да жеңім­паз атанды. Бұл команданың сапында көбіне түр­кі тілдес ағайындарымыз – ұйғыр халқының балалары болған. Ал қыздар арасында жеңімпаз атан­ған қарындастарымыз енді биылғы шілде айында Швециядағы Гетеборг кубогы жарысына қатысатын болады.

Бейжіңде өткен додаға қазақ қыздарынан құ­­­­­ралған команда әуелі Қытайдың ең үлкен өлкесі болып саналатын Шыңжаңдағы облыс, аймақ, аудандар арасынан үздік шығып қатысты.

Дастан КЕНЖАЛИН.

Соңғы жаңалықтар