19 Мамыр, 2012

Бүгін – Олимпиада күні

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін – Олимпиада күні

Сенбі, 19 мамыр 2012 7:36

Бүгін елімізде Ұлттық олим­­пиадалық комитет, Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік, Астана және Алматы қалалары мен облыс әкім­дікте­рі­нің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Олимпиада күні» өтеді.

«Дүниежүзілік Олимпиада күні» – елімізде бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан спорт­тық шара. Астана қаласында бұл іс-шара Қ.Мұңайтпасов атын­да­ғы Орталық стадионда өткізіледі. Оған барлық жастағы азаматтар қатыса алады. Осыған орай әр­түрлі жастағы қатысушылар үшін жеке жүгірістер ұйымдасты­ры­­лып, мүмкіндіктері шектеулі аза­мат­тар­ға арнайы жүлделер үлестіріледі.

Жарыстар сағат 10.00-де бас­талады. Оның бағдарламасында 5-10 жастағы балалар үшін «Олим­пиадалық жарыстар» атты та­қы­рыпқа асфальттағы суреттердің байқауы, үлкен сыныптағы оқу­шы­лар мен студенттер үшін «2012 жылғы Лондондағы олимпиялық ойындар» олимпиадалық викторина, ұлттық спорт түрлерінен, дротиктер лақтырудан, үстел тен­нисінен, ойыншық садақтан ату бойынша жарыстар өткізіледі. Сонымен бірге, Парламент депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен БАҚ өкілдерінің арасында 400 метр қашықтыққа жүгіру жарысын өткізу жоспарлануда.

Олимпиада күнінің жеңім­паз­дары мен жүлдегерлері Ұлттық олимпиадалық комитеттің ес­те­лік сыйлықтарымен, жарыстар де­меушілерінің жүлделерімен және Олимпиада символикасы бар майкалармен марапатталады. Ал жақсы жүгірген әрбір қа­ты­су­шы Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Жаке Рог­генің қолтаңбасымен Олимпиа­да­лық күнге қатысушының сертификатын алады. Сонымен бір­ге, осы күні Олимпиадалық ко­­ми­теттің серіктестері «Coca-cola» және «Proctor&Gamble» компа­ния­лары өздерінің бағдарлама­ла­рын ұсынып, қатысушыларға өз өнімдерін тегін таратады.

Олимпиада күнін өткізудің тарихына келсек, ол 1948 жылдың қаңтарында ХОК 42-ші сессиясында Дүниежүзілік Олимпиада күнін жыл сайын өткізу туралы қабылдаған шешімінен кейін өткізіліп келеді. Алғашқы Олимпиада күні 1948 жылдың 23 маусымында ұйымдастырылыпты. Қа­зақстанда өзге елдермен са­лыс­тыр­ғанда Олимпиадалық күн қалыптасқан дәстүр бойынша ертерек басталады.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар