Көкжайлау шатқалын қорғауға арналған қоғамдық науқан Алматыда сегіз жыл бойы жүзеге асырылып келеді, қазір ол азаматтық өзіндік сана сезімнің нышанына айналып үлгерді. 2019 жылдың 8 сәуірінде Алматыда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда қала әкімі Б.Байбек «Көкжайлау» шипажайын жүзеге асыру туралы ұсынысты «құрылыс мәселелерін мұқият зертттеу қажет» деген сылтаумен 3-5 жылға шегере тұруды ұсынды. Бұл қадамды көптеген сарапшылар қоғам үшін жасалған кеңшілік ретінде қабылдаған болса, бірақ экологиялық белсенділер бұған аса сенбегенді жөн көреді.
«Жобаны жүзеге асыруды бірнеше жылға кейінге шегеру осындай маңызды мәселенің шешімі емес деп есептейміз. Мұндай құрылысқа қарсы көтеріліп отырғандығымыздың басты себебі – Көкжайлау шатқалы Іле-Алатау ұлттық табиғат саябағының құрамына кіреді және де қазір ұлттық саябақ аумағымен қорғалған. Көкжайлау шатқалын ерекше қорғалатын табиғат аймағы санатынан қордағы жерге аудару шатқалдағы және ұлттық саябаққа жапсарлас жатқан аумақтағы экологиялық жағдайдың айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқты» деп жазады белсенділер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ашық хатында.
Ұлттық саябақтардың жерін «туризмді дамытамыз» деген сылтаумен жабайылықпен қолдану бүгінгі күні жаппай көрініс тауып, қазақстандықтардың экологиялық аман-саулығына қауіп төндіріп тұр, деп есептейді белсенді экологшылар. Алайда бұл тұста Ұлттық саябақтардың аумағын шаруашылық мақсатта қолдану жайлы ғана сөз болып тұрған жоқ. Табиғат ортасын көргенсіздікпен бұзу оқиғалары бүкіл ел аумағында орын алып, халықтың үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр. Оралдағы балықтардың қырғыны, Павлодардағы ормандарды шауып тастау, еліміздің оңтүстігі мен шығысында суайдындарының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы, ауыл шаруашылығында химикаттарды бақылаусыз пайдалану, қоқыспен лайланған өзен жағалаулары, ірі қалалардағы ауаның он есеге артық ластануы – мұның бәрі қазіргі замандағы Қазақстанның көз алдында тұрған шындық.
«Елдің экологиялық аман-саулығы бүгінгі күні бірінші жоспарға шығып отыр деп есептейді «Көкжайлауды аман сақтап қалайық» тобының өкілдері. Осы мәселелерді шешуге президенттікке үміткерлердің көңіл бөлмеуі дұрыс болмас. Біз саясаткерлерді экологиялық мәселелерге жіті көңіл бөлуге үндейміз. Осы тұста табиғат мәселелері сайлау алды науқан кезінде ғана емес, сонымен бірге, іс жүзінде жүйелі түрде шешілуі тиіс» деп есептейді Қазақстан Қоғамдық ұйымдар экофорумының төрағасы Вадим Ни.