Саясат • 22 Сәуір, 2019

Қазақстан мен Корея «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Корея «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Корея президенті Мун Чжэ Инның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Корей сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылатын 2019-2022 жылдарға арналған «САМАЛЖЕЛ» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.

«САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация және АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.

Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды, 2,1 млрд АҚШ долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 перспективалық жобаны іске асыру «САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасында қарастырылған.

Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.