Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық» бастамасын көтерген жиын өтті

642 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық бастамасы: ИЫҰ мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен шиенелістерді реттеу мүмкіндіктері» атты халықаралық семинар өтіп жатыр.

Алматыда «Ислам әлеміндегі татуластық»  бастамасын көтерген жиын өтті

Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Қайрат Лама-Шариф ИЫҰ халықаралық деңгейде Қазақстанның бастамаларын қолдауды жалғастырып, олардың сәтті жүзеге асырылуына өз үлесін қосып келе жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі бастамалар Ұйымның жыл сайынғы құжаттарында көрініс табады. ИЫҰ Қазақстанның «Шығыс – Батыс» жүлгесі бойынша қарым-қатынаста өзіндік көпір қызметін атқаратын өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы маңызды үйлестірушілік рөлін мойындайды.

«Біздің еліміз ИЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге, Ұйымның Еуропалық Одақпен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен, G-20-мен қарым-қатынастарын нығайтуды, сайлау кезінде  қатысу, қадағалау  тәжірибесі мен мүмкіндігін кеңейте бергенді қолдайды» , -деп атап өтті Қайрат Лама –Шариф. 
ҚР сыртқы істер министрінің арнайы өкілі, ИЫҰ –ның   2018 жылы 5-6 мамырда Дакка қаласында  өткен 45 сессиясында қазақстандық дипломат Асқар Мусиновке Бас Хатшының  ғылым және технология саласы бойынша орынбасары лауазымына сайлануына қолдау білдіргені үшін алғысын айтты.    
«Араб көктемі» Таяу Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикасының және әлемдік саясатқа әсер етті. Әлем оның кері зардабын әлі күнге дейін сезіп келеді. Әлемдік қауымдастық   барлық мүмкіндікті жұмылдырса да  Сирия  мәселелері бойынша теке-тіресті  реттей алмай келеді.   
 Біз Ливия арасындағы қарама-қарсылықтың өршуіне үлкен алаңдаушылықпен қараймыз. Біз Ливияда бейбітшілік пен бірлікке қол жеткізе алмайтындығына терең сенімдіміз. Осыған байланысты біз жанжалдаушы тараптарға әскери әрекеттерді тоқтатуға және келіссөздер үстеліне отыруға шақырамыз. Сонымен бірге біз ИЫҰ тараптардың татуласуына және Ливия аралық қақтығыстардың реттелуіне барынша белсенді қатысуға тиіс деп санаймыз», -деп атап Қайрат Лама –Шариф.
Бұл жиынға қатысушыларының сөздерінде Сириядағы жағдайдың өршігуіне алаңдаушылықтары айтылып жатты.  Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад  Әміреев өз сөзінде қазір бізге ИЫҰ –ын қайта құрылымдау керектігін тілге тиек етіп өтті.  Сондай-ақ Түркі кеңесінің Бас  хатшысыныі  «ұйымның мандатын күшейту керек» деген ұсынысы жиналғандар тарапынан қолдау тапты. ИКҰ Хатшылылығының қазіргі мүмкіндігі мен өкілеттілігі кейбір мәселелерге араласуға және шешуге мүмкіндік бермейді екен. «Сондай –ақ ислам радикализмі, экстремистік топтардың ұйымы ИЫҰ –ның имиджіне кері әсер етеді» деген пікірлер осы жиында айтылды.         
Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерді дипломатиялық миссиялардың, парламентаралық диалогтардың, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдаланып, сенім шараларын әзірлеу арқылы әртүрлі консультативтік тетіктерді құру арқылы шиеленісті төмендету және жинақталған мәселелерді шешу жолымен осы бастаманы іс жүзінде жүзеге асыруға шақырады.   
Семинар жұмысы ертең де де жалғасады 

АЛМАТЫ