Саясат • 23 Сәуір, 2019

БАӘ-нің полициясы Қазақстан Ұлттық ұланынан тәжірибе алуда

594 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

БАӘ-нің полициясы Қазақстан Ұлттық ұланынан тәжірибе алуда

Кадрлық қамтамасыз ету директорының міндетін атқарушы генерал-майор Салем Шахин Альнуаими бастаған Абу-Даби қаласы полициясының делегациясы  ҚР Ұлттық ұланының қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ, ведомства жұмысының басқа да бағыттары бойынша тәжірибе алмасу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді. 

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысылығында делегацияны ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қарсы алды. Артынша екі тараптың қатысуымен брифинг өтті.

Руслан Жақсылықов брифинг барысында келген қонақтарға Ұлттық ұланның құрылу мен қалыптасу тарихы, құрылымы мен негізгі тапсырмалары әңгімелеп берді. Сонымен қатар, басқа да сауалдарға жауап берді. 

Делегация басшысы генерал-майор Салем Шахин Альнуаими, Қазақстаннның құқықтық тәртіп әскеріне жүктелген міндет БАӘ полициясының міндеттерімен салыстырғанда анағұрлым кең екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қонақтар Ұлттық ұланнның әлемдегі тоғызыншы орындағы мемлекетте ішкі тәртіп пен қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы сұрады.

- Біздің кәсіби даярлық деңгейіміз бұл міндеттерді өзімізге қамтаамсыз етуге мүмкіндік береді. Ішкі істер органдарымен бірлесе біз еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне де жүгінеміз. Өзге елдердің заңнамаларын зерттейміз. Ұлттық ұлан көптеген осындай құрылымдармен ықпалдастық жүргізеді. Бізде Түркияның әскери-оқу орындарында әскери кадрларды оқыту және дайындау саласы бойынша Түркия Жандармериясымен бауырмалдық қарым-қатынас орнатылған. Қоғамдық қауіпсіздік мәселесі бойынша Ресей Федерациясы Федералды қызметі Ұлттық ұлан әскері, Әзірбайжан ІІМ Ішкі әскерлері, АҚШ Қарулы күштерімен  ынтымақтастық белсенді түрде жалғасып келеді. Біз ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау мәселесінде тәжірибе алмасуға әр кезде дайынбыз, - деп атап өтті  генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов

Бұдан бөлек ол, Ұлттық ұлан Тәжікстан мен Қырғыз Республикалары үшін әскери кадрларды дайындайтынын сөз етті. Брифинг соңында Руслан Жақсылықов  ҚР Ұлттық ұланы мен Абу-Даби қаласы полициясының арасындағы  қызметтік-жауынгерлік мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық пен өзара ықпалдастыққа қосқан үлесі үшін делегация мүшелеріне естелік белгілер табыс етті.   

Содан кейін, меймандар Бас қолбасшылықтың әскермен басқару Орталығын аралап, оның жедел ақпаратты өңдеу мен жинаудағы техникалық мүмкіншіліктерімен, сондай-ақ, заманауи басқару жүйесімен танысты.

Кейінде,  Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығынгың аумағындағы «Достық аллеясында » дәстүрлі ағаш отырғызу рәсімі өтті. Түстен кейін арабтық делегация елордалық 5573 әскери  бөлімінде болып, кинология орталығы, әскери қару-жарақ, техника көрмесін тамашалады. Қонақтар бригаданың тыныс-тіршілігімен және басқа да нысандармен танысты.

23-24 сәуірде делегация «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және Ұлттық ұлан арнайы отрядтарының жауынгерлік және әдістемелік дайындық Орталығының қызметімен танысады.