Руханият • 23 Сәуір, 2019

Димаштың концертіне билеттің 81 пайызы сатылды

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Димаштың концертіне билеттің 81 пайызы сатылды

 «Arnau» концертінің бас ұйымдастырушысы - «Қазақстан» РТРК АҚ. Билеттерді сату бойынша бас оператор - www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында қолжетімді. 

«Концерт бойынша барлық жаңалықтарды instagram және facebook әлеуметтік желілеріндегі @dimash_arnau ресми парақшасынан біле аласыздар. Басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенбей, ресми парақшадағы ақпаратқа назар аударыңыздар!», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің концерті 29 маусымда «Астана-Арена» сарайында өтеді. Билеттер 18 наурыздан сатылымға шықты.