Спорт • 23 Сәуір, 2019

Хоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Хоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Биыл ел тарихында айтулы оқиға орын алмақ. Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «А» тобының матчтары Қазақстанның Нұр-сұлтан қаласында өтеді. Бас қаладағы байрақты бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Алғашқы кездесу 29 сәуірде Қазақстан мен Словения құрамасы арасында өтеді. Әлем чемпионаты мамырдың 5-іне дейін жалғасады.