«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев съезд жұмысын ашық деп жариялады.
«Құрметті партияластар, барлығыңызбен жүздескеніме қуаныштымын, жұмысымыз табысты болсын. Бүгін Қазақстан Президентінің алдағы сайлаудағы кандидатын ұсыну үшін бас қостық. Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты, яғни мемлекетті басқаруға жаңа басшылардың келетін уақыты келді. Менің барлық бастамамды халық қолдады. Сондықтан біз осындай жетістікке жетіп отырмыз. Ел Елбасымен бірге болғанда ғана үлкен жетістікке жетуге болады. Халқыма шексіз алғысымды білдіремін», деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Шараға депутаттар, Саяси кеңес мүшелері, съезд делегаттары, партия ардагерлері, облыстық филиал өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысуда.
Бүгінгі шарадағы басты мәселе – Президент сайлауына қатысатын нұротандық кандидаттың есімін анықтау.