Президент • 23 Сәуір, 2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты

Қала әкімі Б.Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді. Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.


Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше