2019 жылдың 19 сәуірінде Достық станциясынан Алашанькоу станциясы арқылы сұйытылған газы бар 18 вагон-цистерна ҚХР-на жеткізілді.
Газ тасымалын ұйымдастыру қазақстандық өнімді экспортқа шығаруды арттыруға, Қазақстан мен Қытай арасында жүк ағының ұлғайтуға ықпал етеді. Бұл сондай-ақ жүктерді автомобильден теміржол көлігіне қайта бағыттауға мүмкіндік берді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен Үрімші темір жолы өкілдері пойыздарды құраудың ережелерін және техникалық алып жүру бойынша талаптарын келісті. Сұйытылған газ аса қауіпті жүктер санатына жатқызылады.
Сұйытылған газ тасымалын ұйымдастыру үшін қытайлық корпорацияларының арнайы вагон-контейнерлері пайдаланылады.
Арнайы жүгі бар 18 тәжірибелі вагон-цистерна жолда шамамен бір тәулік болады.
Биылғы жылдың мамырынан бастап сұйытылған газды тұрақты негізде теміржол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету жоспарланған. Көлем әлеуеті 1 млн тоннаға дейін жетеді.