Әлеуметтік желіде жарияланған суреттер «Жібек жолы» «Қапланбек» екі өткізу пунктінде шекаралық бақылау аймағында орын алған.
Көрсетілген өткізу пунктердің кедендік бақылау аймағында жасыл және қызыл дәліздер бар және жолаушылар өздігінен сәйкесінше дәлізді таңдайды.
Жеке тұлғалармен жасыл дәліз арқылы өту кезінде кедендік декларация жүргізілмейді және өткізу тоқтаусыз негізде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта көрсетілген өткізу пунктінде адамдарды өткізу қалыпты режимде жүзеге асырылуда, келу/кету залдары арқылы өту кезінде жеке тұлғалардың кезегі жоқ.
Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органымен шекара арқылы жеке тұлғаларды өткізу бойынша Шекара қызметімен әрекет етуді күшейту бойынша шаралар қабалданды және өткізу кункті арқылы өтушілерге, азаматтар арасында ауқымды түсіндірме жұмыстар жүргізілді.