Солтүстік Корея басшысының бронетарлық пойызы сағат 11:01-де (Мәскеу уақыты бойынша) келді. 25 сәуірде Владимир Путин мен Ким Чен Ын Қиыр Шығыстағы федералды университеттің спорт ғимаратында келіссөздер жүргізеді.
«25 сәуірде өтетін келіссөздің негізгі тақырыбы Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін дипломатиялық және саяси жолмен шешу болмақ», деді 23 сәуірде Кремль өкілі Юрий Ушаков.
Айта кетейік, бұл - Ким Чен Ынның Ресейге жасаған алғашқы сапары. Сондай-ақ ол сенбіге дейін Владивостокта болады.