Саясат • 25 Сәуір, 2019

ҚТЖ басшысы қытайлық әріптестеріне Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды

1026 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ басшысы қытайлық әріптестеріне Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Қытай Халық Республикасына  жасаған сапары кезінде ірі көлік-логистикалық компаниялар мен бірқатар провинция, қала басшыларымен  жүктер тасымалын арттыру үшін ыңтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

 Атап айтқанда, Сиань қаласы мэрінің орынбасары Гао Гаомен, Чунцин қаласының мэрі Тан Лянчжимен, Чэнду қаласы мэрінің орынбасары Лю Сяолюмен, Сычуань провинциясының губернаторының орынбасары Ли Юнцземен келіссөздер барысында логистикалық платформа өкілдерімен Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға контейнерлік тасымал өсімінің оң динамикасы атап өтілді.

Кездесулерде Қазақстан аумағы арқылы контейнерлермен транзиттік жүктерді тасымалдау,  тасымал көлемін ары қарай арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру уағдаластығына  қол жеткізілді.

Келіссөздер барысында С. Мыңбаев әр түрлі көліктік дәліздер бойынша жүктерді жеткізу, қазақстандық теміржол инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы ақпарат бере кетті. Сондай-ақ Сиань қаласының құрғақ портына бидайлыбұршақ дақылдары мен азық түлікті тасымалдауды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

«KTZ Express» АҚ мен Сиань қаласының Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. және Xi’an Continental Bridge International Logistics Co., Ltd логистикалық платформасымен Қытай – Еуропа, Парсы шығанағы елдері бағытында, Ресей, Қазақстан, Орталық Азия және Транскаспий дәлізі елдерімен стратегиялық ыңтымақтастық шеңберінде Келісімге қол қойылды.

Пекинде С.Мыңбаев Қытай темір жолдарының Бас директоры Лу Дунфумен  теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Сауат Мыңбаев пен Лу Дунфун ҚР және ҚХР арасындағы шекаралық теміржол өтпелері арқылы жүктер тасымалының оң динамикасын атап өтті.

2019 жылдың соңына дейін теміржолшылар жүк тасымалын  15 млн тонна көлемінде қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жүкағының кедергісіз өткізу үшін тараптар тасымал процесін жетілдіру, шекаралық теміржол инфрақұрылымын ары қарай дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. Қабылданған қосымша шаралар, соның ішінде жеңілдікті тарифтік жағдайлар Қорғас – Алтынкөл және Алашанькоу – Достық өткелі арқылы көліктік бағыттардың бәсекелестігін арттыруға бағытталады.

Тараптар 1520 мм жолтабанды учаскелерді біріктірудің оңтайландырылған схемасы бойынша құрамдарды қалыптастыра Қытай – Еуропа – Қытай қатынасындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастырудың тиімділігін атап көрсетті.

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары арасында Халықаралық теміржол қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде электрондық деректермен алмасу туралы келісімге қол қойылды.