Саясат • 25 Сәуір, 2019

Иран Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Ақтауға келді

1014 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иран Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Ақтауға келді

Екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ақтауға «Джушан» мен «Сепар» зымыран катерлері құрамында Иран Ислам Республикасы армиясы Әскери-теңіз күштері жауынгерлік корабльдерінің жасағы келді. 

Жорықтың жалпы қашықтығы шамамен 450 теңіз милясын құрады. Ақтау теңіз портындағы корабльдерді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі күтіп алды. Теңіз хаттамасына сәйкес ҚР ҚК ӘТК мен ИИР армиясының ӘТК корабльдері арасында сапар алмасу, сондай-ақ корабльдер экипаждарының өзара экскурсиялары көзделген.  

Сапар бағдарламасы аясында әртүрлі спорт бойынша сайыстар және ИИР армиясы ӘТК корабльдері экипаждарының Ақтау қ. мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне баруы өткізіледі. 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР Әскери-теңіз күштері корабльдерінің тобы «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдері құрамында Иран Ислам Республикасының Бендер-Энзели портына сапар шеккенін естеріңізге сала кетейік.