Саясат • 26 Сәуір, 2019

ҚазҚСҒЗИ Қырғызстан ЖАК құрамына кірді

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

ҚазҚСҒЗИ Қырғызстан ЖАК құрамына кірді

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) құрылыс секторындағы жетекші ғылыми ұйымдардың бірі ретінде Қырғызстан Жоғарғы аттестациялық комиссиясының (ЖАК) құрамына кірді.

Сәйкес шартқа ҚазҚСҒЗИ және Н. Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті (ҚМҚКСУ) арасында қол қойылды. Уағдаластықтың шеңберінде АҚ "ҚазҚСҒЗИ", геологиялық жағдайлары аса кұрделі аудандар мен сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда құрылыс саласындағы проблемалар бойынша Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік институттың,  сарапшылары диссертациялық жұмыстарды даярлау кезінде ҚМҚКСУ аспиранттарына ғылыми сүйемелдеу көрсететін болады. 

ҚазҚСҒЗИ және ҚМҚКСУ арасындағы екіжақты келісім жаңа ғылыми қызметкерлерді даярлау саласында, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда тәжірибе алмасуды ұйғарады.

Іскерлік ынтымақтастықтың шеңберінде, техника ғылымдарының кандидаты, ҚазҚСҒЗИ басқарушы директоры Ералы Шоқбаровға ҚМҚКСУ Ғылыми кеңесі отырысының шешімімен халықаралық беделді және ҚМҚКСУ және Қазақстан мен Қырғызстан достас елдерінің ғылыми мекемелері, жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылыми-инновациялық қызмет саласында шығармашылық ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі және ықпалы үшін "Н. Исанов атындағы "ҚМҚКСУ" құрметті профессоры" құрметті атағы берілді.

Ералы Шоқбаров Қазақстан атынан алғашқы ҚМҚКСУ Құрметті профессоры атанды.