Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2011 жылғы сайлауда да Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат етіп тіркеген болатын.
Жамбыл Әужанұлы Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке селосында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қорғалжын кеңшарында механик ретінде бастаған. 1983-1987 жылдар аралығында - Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын кеңшары космсомол комитетінің хатшысы.
1987-1990 жылдар аралығында - Қазақстан Компариясы Қорғалжын аудандық комитеті идеология бөлімінің нұсқаушысы. 1990-1992 жылдар аралығында - Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1992-1994 жылдар аралығында - Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімшілігі мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдар аралығында - Қорғалжын аудандық әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1997-1998 жылдар аралығында - автомобилге жанар-жағар май құю стансасының механигі. 1998-2001 жылдар аралығында - Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейының взвод командирі, директордың әскер-техникалық дайындық жөніндегі орынбасары. 2001-2002 жылдар аралығында - Дружба орта мектебі директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары. 2002-2003 жылдар аралығында - аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.
2003-2005 жылдар аралығында - Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы. 2005-2011 жылдар аралығында - Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат басшысы, хатшысы. 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. Отбасылы, төрт баласы бар.