Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Тұлға – мұражай төрінде

1184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында әйгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейто­йына арналған «Ғасыр­дың биік тұлғасы» атты көрме өз жұмы­сын бастады.

Тұлға – мұражай төрінде
Осы шараға орай облыс­тық тарихи-өлкетану мұра­жайында «Қазақ ғылымының темірқазығы» деген тақы­рыпта дөңгелек үстел ұйым­дастырылып, оған Баян­ауыл мен Жезқазғаннан келген қонақтар, Қаныш Сәтбаевтың туыстары, ЖОО ғалымдары мен оқы­тушылары, мәдениет қайрат­керлері, қоғамдық ұйым­дардың мүшелері және «Орталық­қаз­жер­қойнауы» геологиялық мұра­жайының қызметкерлері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Респуб­лика­сы Ұлттық ғылым акаде­мия­сының академигі Арстан Ғазалиев, облыстық та­рихи-өлкетану мұражайының ди­рек­торы Ержан Нұрма­ған­бетов ғұлама ғалымның мерейтойы аясындағы игі шаруалар тура­сы++нда әңгіме қозғап, Қа­ныш Имантайұлының қа­зақ хал­қына сіңірген еңбегі­нің мән-мағынасы мен қа­дір-қасиетінің уақыт өткен са­йын арта түсетінін атап өтті.

Сондай-ақ шара аясында та­рихи-өлкетану мұра­жайы ғи­маратының алдына Ұлы­тау ауда­нындағы ор­ман шаруа­шылығынан жет­кізіл­ген үш қайың көшеті отыр­­ғызылды. Оның біріншісін Баянауылдан келген қонақ­тар мен ғалымның туыс­тары отырғызса, екінші­сін Ұлытау мен Қарсақбай тұр­ғындары екті. Ал үшінші қайың кө­шетін отырғызу қара­ған­ды­лықтардың еншісіне тиді.

«Ғасырдың биік тұлғасы» көрмесінің Жезді кентінде орна­ласқан М.Төрегелдин атын­дағы тау-кен және бал­қы­ту ісі та­рихы мұра­жайы мен академик Қ.Сәт­баевтың Баян­ауыл мемо­риал­дық мұ­ра­жайымен бірлесіп ұйым­дас­тырылғанын айта кеткен жөн. 

Көрмеге қойылған 200-ден астам экспонаттың арасында ға­лым-геологтің ер­то­қымы, киім-кешегі, ми­­нералдар коллекция­сы, сондай-ақ ғылыми жұ­мыс­тары, қол­жаз­ба­лары мен марапат­тары, академиктің домбы­ра­сы, фото­мате­­риал­дар, кітап­тар мен шапаны, Жез­қаз­ған мы­сы сияқты жәді­гер­лер бар. Сон­дай-ақ экспози­ция сөр­есінен Әлкей Мар­ғұ­лан­­ның әйгілі ғалым үшін ар­найы тап­сы­рыс­пен жа­сат­қан мылтығы да орын ал­ған. Ә.Мар­ғұлан қаруды мұ­ра­­­жайға 1999 жы­лы тапсырыпты.

Мерейтой мәнін арттыра түскен мәдени шараның со­ңы­на таман академик Қа­ныш Сәтбаевтың туысы Күл­тай Бая­зитқызы тарихи-өл­кетану мұра­жайының ұжы­мына әулет атынан ал­ғыс айтты.

ҚАРАҒАНДЫ