Шығармашылық кеште қаладағы №21 мектептің мұғалімі Ж.Мұрсалованың жетекшілігімен бір топ оқушы Е.Қорабаевтың өлеңдерін жатқа айса, пән мұғалімі Ә.Бимурзаева ақынның «Сыр-сауал» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Шара барысында көрермендер сұрақ қойып қана қоймай, ақынның өлеңдерінен үзінді де келтіріп, шығармашылық кештің шырайын келтірді. Департамент қызметкерлері Ж.Шыртанова «Қыз өлең» деген шығарманы нақышына келтіріп оқып берсе, ал ақынның жерлесі Х.Құспанова «Ескі тоған» атты өлеңді оқыды.
Шығармашылық кеште есімі елге белгілі әншілер А.Көшеров пен М.Сафаров Ерекеңнің «Төр жайлау-Бейнеу», «Нарлы мекен», «Қаратау бойында» әндерін орындап берді.
Кеш соңында ақын ағаға алғысын білдірген Департамент басшысы ақынның «Маңғыстау әзілдері» кітабынан осы жұмыстың бағытына сұранып тұрған жолдарды мысалға келтіріп, «Өзіңді өзің түзегенің дұрыс шығар, әйтпесе үкімет араласып түзетсе, қиын болады» деген тіркестің Әдеп кеңесі отырысының ұранындай екен деді.
Департаментте мемлекеттік қызметшілерге арналып жасақталған «Рухани жаңғыру» атты кітаптар бұрышына ақын аға өзінің «Маңғыстау әзілдері», «Есі бар тентек» кітаптарын қолтаңбасын қалдыра отырып, естелікке ұсынды.
Маңғыстау облысы