Әділқазы алқасын бастаған отандық сахнаның жарық жұлдызы Данияр Өтеген Қостанай облысының дарынды баларының вокалды қабілеттерін бағалап, Қостанай ауданындағы Затобол кентінен келген 11 жасар талантты әнші Әбілмәнсүр Едіресті таңдады. Енді балапан қанат әнші Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалистерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртістік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.
Еске сала кетсек, 25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.
«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.
Қостанай