Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Шымкентте аграрлы белдеудің аумағы артып келеді

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен кездесуде ауыл шаруашыаығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлімдеді.

Шымкентте аграрлы белдеудің аумағы артып келеді

Шымкентте 12,6 мың га алқапқа егін егілді. 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған сала басшысы үшінші мегаполисте ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрағандығын тілге тиек етті.

  «Осы жылға бекітілген егіс құрылымына сәйкес, 24,1 мың га егіс егу жоспарланып, бүгінде нақты егілген егіс көлемі 12,6 мың га алқапқа жетті. Оның ішінде негізгі дақылдар: масақты дәнді дақылдар - 4,9 мың га, майлы дақылдар - 2,4 мың га және т.б. Бүгінде жалпы сомасы 25,1 млрд теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша 12,8 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығындағы 23 жоба бар. Жыл басынан бері қалада "Шарипов ЖК" жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы  - 600 млн теңгені құрады», деді Асқар Сәкенұлы.